Пәкістанда мешіттегі садақа жәшігінен ақша ұрлаған ерекше уақиға болды. Ұры жәшіктен 50 000 рупий($478) алып, бұл ісіне ешкімнің араласпауын, себебі бұл «Алла мен оның арасындағы іс» екенін айтып хат қалдырып кеткен. Ұры ақшаны садақа жәшігінен алып, жанына өз «жолдауын» қалдырған.
«Өтініш, мені іздемей-ақ қойыңыздар. Мен бұл ақшаға қатты мұқтажбын, сол себепті Алланың үйінен алдым. Мен біреудің үйін тонаған жоқпын. Тек Алланың үйінен қатты қажет нәрсені алып отырмын. Бұл менің және Оның (Алланың) арасындағы іс» делінген ұрының хатында.
Ол сонымен қатар, мешіт имамынан көмек сұрап барғанын, алайда, олардың көмек көрсетпегенін атап жазған. Ал жергілікті тұрғындар ұрының бұл хатына түсіністікпен қарап, имамнан оны кешіре салуын сұрауда.
Kazislam.kz
«Мейлі еркек, мейлі әйел болсын, егер ол ұрлық жасаған болса, олардың қолдарын кесіңдер. Алланың жазасы сол. Алла Үстем һәм Дана» (Мәида, 38).