Намаз – күллі шүкірді қамтыған ғибадат. Мына көрінген және көрінбеген шексіз әлем қаңыраған сарай емес. Керісінше, онда Алла Тағалаға ғибадат еткен сансыз періштелер бар. Кейбір періштелер жаралғалы сәждеде.
Енді бірі жаралғалы рүкүғта тұрып, Алла Тағаланы пәктеуде. Енді бірі түрегеп тұрып, Алла Тағаланы нұқсандық пен шірк атаулыдан пәктеп, ғибадат етуде.
Міне, намазда осы періштелердегі ғибадат түрінің бәрі бар. Сол себепті, әлем тұтастай Ұлы Жаратушыға ғибадатта.
hibatulla.kz
Құранда былай дейді: «(Ей, Мұхаммед!) Саған уахи етілген кітапты оқып, намазды орында. Күдіксіз намаз арсыздық пен жамандықтан тыяды»[Анкабут, 29/45].