Пайғамбар (с.ғ.с.) сақалын сақтаған Фатима Әбдібекқызымен кездесу өтті (ФОТО)

Пайғамбар (с.ғ.с.) сақалын сақтаған Фатима Әбдібекқызымен кездесу өтті (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде ұзақ жылдар бойы Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) мүбәрак сақалын сақтап келген Фатима Әбдібекқызымен кездесу өтті, деп хабарлайды Muslim.kz. Атбасар ауданы Садовый ауылында тұратын Фатима апамыздың кіші қажылықтан келе жатқан беті екен.

Бүгінде сексеннің сеңгіріне шыққан қарияның өздігімен жүріп-тұруы қиындағанымен, сөздері ширақ, тау суындай төгіліп-ақ тұр. Көргені мен түйгені мол қария қаумалаған қалың көпшілікті салиқалы сөздерімен үйіріп әкетіп, өсиет-өнегесімен бөлісті.

Қадірлі қарияның арнайы «Әзірет Сұлтан» мешітіне келіп, кездесу өткізуі жамағаттың да мерейін өсіре түсті. «Әзірет Сұлтан әжелері» атанған бір топ қажы апаларымыз Фатима Әбдібекқызына алғыстарын білдіріп, қазақы дәстүрмен қамзол кигізді. Көпті көрген қарияның ақ батасын алып, естелік суретке түсіп қайтты.

Айта кетейік, ұзақ жылдар бойы Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мүбәрак сақалын сақтап келген Фатима апамыз 2013 жылдың мамыр айында құнды жәдігерді ҚМДБ-ның қарауына өткізген. 


Имам Әбу Ханифа: «Егер мұсылман ауыр күнәні халал деместен істесе, кәпір демейміз. Оны шынайы мүмін деп айтамыз. Ол кісі кәпір емес, пасық мүмін болып өлуі мүмкін» [9. 621 б.] 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: