Әлемде тұңғыш рет орман-қала салынады

Әлемде тұңғыш рет орман-қала салынады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Кейінгі кезде өндірістен бөлінетін улы қалдықтардың әрі көмірқышқыл газының шектен тыс бөлінуінен, адамзаттың көбеюінен, тұтынушылықтың салдарынан мұздақтар еріп, жаһандық жылынудан болатын апаттар мен катаклизмдердің алдын алу бағытында түрлі экологиялық жобалар сызылуда.

Былайша айтқанда, қоршаған ортаны қорғау бағытындағы эко-тренд әлемде етек алып келеді. Табиғатқа барынша аз залал келтіретін жобаларға сұраныс артып келеді. Мәселен, халық саны көп, экологиясы сын көтермейтін Қытайда вертикалды экологиялық орман-қала салынады.

Liuzhou Forest City жобасын сызған авторлардың бірі - сәулетші Стефано Боэридің айтуынша, болашақта бой көтеретін ғимараттар мен тұрғын үйлердің қас беті толықтай өсімдіктермен көмкеріледі. Орман-қаланың жалпы аумағы 175 гектарды құрайтын болады.

Бұл аумақтағы қалада 40 мың ағаш отырғызылып, 100 түрлі өсімдік түрінен шамамен 1 миллионға дейін өсімдік өсіріледі. Айта кету керек, қала-орман 30 мың адамға шақталған. Бұл кешен жоба бойынша қонақ үйлер, кеңселер, мектептер мен ауруханалар және мейрамхананы қамтиды. Әр ғимарат суды тазарту және ауаны сүзгіден өткізетін құрылғылармен жабдықталады. 

islam.kz


«Сендер жақсылыққа шақырып, жамандықтан сақтандыру арқылы игі үмбет болдыңдар». «Әли Имран» сүресі, 110-аят

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: