Тараз қалалық орталық «Әулие ата» мешітінің бас имамы Ержан Аманбаевтың ұйымдастыруымен, қала имамдары атсалысып 58-түзету мекмесіне 200 адамға арналған ауызашар азық-түлігі кіргізілді.
Бір дана құрмамен ауызашар бергенге де, тек сумен ғана оразасын аштырғанға да, кішкене сүт бергенге де осы сауап жазылады дегендей ауызы берік адамға ас беру – үлкен сауап болады. Ораза тұтқан адамның сауабындай сауапқа қауышады, ораза тұтқан адамның сауабы кемімейді. Хадис шәрифте былай делінген: «Амалдардың ең құндысы – бір мұсылманның айыбын жабу, қарнын тойдыру және мұқтаждығын беру арқылы оны қуанту.»(Исфахани)
"Әулие ата" мешітінің баспасөз қызметі



29 Апрель 2026
12 Зуль-каада 1447

