Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жариялаған «Ислам және адал қоғам» жылы аясында Байзақ аудандық «Байзақ баба» мешітінде жамағатқа арналған «Бас имам сағаты» ұйымдастырылды.
Кездесу барысында Жамбыл облысының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы «Рамазан айының соңғы он күндігін дұрыс пайдалану» тақырыбында уағыз айтып, мешіттің қоғамдағы рухани орны мен маңызына тоқталды. Сондай-ақ, жамағатты мешіт тазалығына, тәртібіне мән беріп, тұрақты намаз оқуға және ізгі амалдарға ұмтылуға шақырды. Шара соңында ел амандығы мен бірлігі үшін дұға жасалды.



13 Март 2026
24 Рамадан 1447

