Жамбыл облысы Байзақ аудандық «Байзақ баба» мешітінде «Ислам және адал қоғам» жылы аясында және Тәуелсіздікке 35 жыл толуына орай Республикалық «Рамазан сыйы» атты қайырымдылық шарасы өтіп, 100 отбасыға азық-түлік таратылды.
Айтулы шараға Жамбыл облысының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы, Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы, Байзақ аудандық ардагерлер кеңесінің төраға орынбасары Мұхтар Шаяхметұлы және аудандық ардагерлер кеңесінің әлеуметтік комисиясының төрағасы Серік Балабеков қатысты.
Облыс бас имамы Асқар Зәкіржанұлы шараға жиналғандарды Рамазан айымен құттықтап: «Рамазан айы – ізгілік пен қайырымдылықтың, мейірім мен жанашырлықтың айы. Бұл кезеңде жасалған әрбір сауапты іс пен берілген садақаның сауабы еселенетіні белгілі. Қоғамдағы өзара қолдау мен бірлікті нығайтуда мұндай игі шаралардың маңызы зор», - деп «Рамазан – рухани жаңару айы» тақырыбында насихат айтты.
Қасиетті рамазан айында Алланың үйіне жиналған отбасылар осы шараны ұйымдастырған мешіт ұжымына алғыстарын айтты.



13 Март 2026
24 Рамадан 1447

