Алға ауылы «Амангелді» мешітінде РАНТ мүшесі Нұралы Бақытұлы тарауық намазын жүргізіп, жамағатпен бірге қасиетті Рамазан айының құлшылығын атқарды.
Ауызашар дастарханы барысында жамағатқа, әсіресе жастарға арнап «Жастар және Рамазан» тақырыбында тағылымды уағыз-насихат айтты. Уағызда ораза ұстаудың қадір-қасиеті, оның адам өміріндегі рухани маңызы мен жауапкершілігі кеңінен түсіндірілді.
Кездесу барысында Рамазан айының адамды сабырлылыққа, мейірімділікке және тақуалыққа тәрбиелейтіні айтылып, жастарды осы қасиетті айдың мүмкіндігін тиімді пайдаланып, құлшылыққа ден қоюға шақырды. Жамағат рухани мазмұнға толы уағыздан әсер алып, дін маманына алғыстарын жеткізді.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



14 Март 2026
25 Рамадан 1447

