Қордай аудандық мешітінде жамағат арасында жылы кездесу өтіп, жамағат мүшесі Болат ағамыз ауданның бас имамы Азамат Берікұлын жаңа қызметімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.
Ол дін қызметіндегі жауапты міндетіне сәттілік тілеп, халыққа қызмет ету жолында табыс тіледі. Өз кезегінде ауданның бас имамы ризашылығын білдіріп, Болат ағамызға рухани тағылымға толы «Адамзаттың асыл тәжі» кітабын сыйға тартты. Кездесу барысында жамағат бір-біріне ақжарма тілектерін айтып, рухани әңгіме өрбіді.
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі


18 Март 2026
29 Рамадан 1447

