Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Алла Тағалаға ең ұнамды амалдар – аз болса да, үздіксіз (тұрақты түрде) жалғасатын амалдар», – деген. Осыған орай, Қордай ауданына қарасты Жаңатұрмыс ауылындағы «Жаңатұрмыс» мешітінде қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Игі шара барысында 12 отбасыға ет пен азық-түлік таратылып, мұқтаж жандарға көмек көрсетілді.
Қайырымдылық іс-шарасын мешіт имамы Нұртуған Өмірзақов ұйымдастырып, жомарт жандардың қолдауымен жүзеге асырылды. Мұндай игі амалдар қасиетті Рамазан айында адамдар арасындағы мейірім мен жанашырлықты арттыра түседі. Алла Тағала жасалған жақсылықтарды қабыл етіп, берекесін нәсіп етсін!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



13 Март 2026
24 Рамадан 1447

