Жамағатпен тығыз байланыста болу – мұсылмандар арасындағы ауызбіршілікті, таныстықты және жылы қарым-қатынасты нығайтатын маңызды әлеуметтік-діни қағида. Бұл – намазды бірге оқу, саптың түзу әрі тығыз болуы арқылы жүзеге асатын игі амалдардың бірі.
Жамағатпен оқылған намаздың сауабы жеке оқылған намаздан әлдеқайда артық екені хадистерде баяндалған. Осы мақсатта жамағатпен байланысты нығайту, мешіт қызметін жандандыру және діни мәселелер бойынша пікір алмасу үшін «Бас имам сағаты» ұйымдастырылды.
Кездесу барысында жамағатпен еркін форматта сұхбат жүргізіліп, көкейдегі сұрақтарға жауап берілді. Сонымен қатар, дін қызметінде бірлікпен еңбек ету, қоғам игілігі үшін бірге қызмет атқарудың маңызы айтылды. Шара соңында жамағатқа насихат айтылып, көпшілікке ізгі тілектер білдірілді.
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі


13 Март 2026
24 Рамадан 1447

