Мойынқұм ауданының бас имамы Ержан Көшкімбай Қарабөгет ауылындағы «Қарабөгет» мешітінде жұма уағызын жүргізді. Жұма намазына жиналған жамағатқа рухани насихат айтылып, имандылық пен бірлікке үндейтін тағылымды ойлар жеткізілді.
Уағыз барысында қоғамдағы ізгі құндылықтарды сақтау, дін талаптарын дұрыс ұстану жөнінде кеңінен сөз қозғалды. Алла қалауымен алдымызда келе жатқан қасиетті Рамазан айына дұрыс ниет ету мәселесіде тілге тиек етті.
Жамағат уағыздан рухани әсер алып, пайдалы тағылыммен тарқасып, намазда сап түзеді.
Мойынқұм аудандық “Мойынқұм” мешітінің баспасөз қызметі.


07 Март 2026
18 Рамадан 1447

