Мойынқұм ауданына қарасты Қылышбай ауылындағы «Рәтқұл ата» мешітінде жамағатқа арналған рухани кездесу өтті. Аталған жиында мешіт имамы Алихан Жайлаубеков дін мен дәстүрдің сабақтастығы жөнінде тағылымды насихат айтты.
Уағыз барысында имам қазақ халқының салт-дәстүрлері ислам құндылықтарымен тығыз байланысты екенін атап өтіп, ұлттық болмысты сақтау мен діни ұстанымдарды қатар ұстанудың маңызын кеңінен түсіндірді. Сондай-ақ, ата-баба жолын құрметтеу, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсету секілді құндылықтардың діндегі орнына тоқталды.
Кездесу соңында жамағат рухани әсер алып, имам ға алғыстарын білдірді.
Мойынқұм аудандық “Мойынқұм” мешітінің баспасөз қызметі.


07 Март 2026
18 Рамадан 1447

