Мойынқұм ауданының бас имамы Ержан Көшкімбай Қарабөгет ауылына арнайы барып, «Қарабөгет» мешітінің тыныс-тіршілігін зерделеді. Сапар барысында бас имам мешіт жамағатымен танысып, пікір алмасты.
Зерделеу кезінде мешіттің ішкі және сыртқы жағдайы, тазалығы, сондай-ақ діни әдебиеттер мен кітап қоры назарға алынды. Сонымен қатар, дәретхананың санитарлық тазалығы мен жалпы талаптарға сәйкестігі де тексерілді.
Кездесу соңында мешіттің жұмысын жақсарту бағытында бірқатар ұсыныстар айтылып, тарқасты.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.



07 Март 2026
18 Рамадан 1447

