Жамбыл ауданы, Гродиково ауылы, "Арынғазы" мешітінің ұстазы Малик Унгарбаев ауыл тұрғындарының діни сауатын ашу мақсатында фиқһ дәрістерін жалғастыруда. Ғалым ұстаздарымыз М. Исаұлы мен Қ. Жолдыбайұлының "Ислам Ғылымхалы" кітабынан "Намаздың парыздары" тақырыбында намаздың ішкі рүкіндері: ниет, ифтитәх тәкбірі, қиям, қирағат, қағда-и ахира туралы тәптіштеп түсіндіріп берді.
Намаз – Ислами ғибадаттардың алғашқы сатысы, діннің дінгегі, иманның нұры, мүміндердің миғражы болған ерекше құлшылық.
Намаздың терминдік мағынасы – тәкбірмен басталып, сәлеммен аяқталатын арнайы әрекет пен сөздерден тұратын құлшылық.
Намаз – құлды Раббысының разылығына бөлейтін ғибадат көздерінің ең үлкені және ең маңыздысы екені сөзсіз. Өйткені, намаз қамтыған мазмұны мен дәрежесі тұрғысынан бүкіл ғибадаттардың шыңы, асылы.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі


31 Январь 2026
12 Шаабан 1447

