Жамбыл ауданы, Гродиково ауылы, "Арынғазы" мешітінің ұстазы Малик Унгарбаев, ауыл тұрғындарына діни дәрістер өтіп, халықтың діни сауатын ашуына өз үлесін қосып келеді. Ақида дәрісін ғалым ұстазымыз С. Сейтбековтың кітабынан үйретуде. Бүгінгі тақырып "Кәпір және күпірліктің түрлері" туралы болды.
Жамандықтардың ең жаманы – Алла Тағалаға сенбеу, атеист болу. Мұхаммед алейһиссаламға сенбеу – күпіршілік және Алла Тағалаға дұшпандық болады. Періштелердің, адамдардың және жындардың иман етулері, сенулері әмір етілді. Мұхаммед алейһиссаламның Алла Тағаладан әкелген нәрселерінің барлығына жүрекпен сеніп, ауызбен айту – Иман деп аталады. Иманның орны – "көңіл" (қалб) болып табылады. Көңіл - жүрек деп аталатын ет бөлшегіндегі қуат. Иманды ауызбен айтуға бір кедергі болған кезде, айтпауға болады. Мысалы: қорқытылған кезде, ауру, тілсіз болғанда немесе айтуға уақыт таппай өлген кезде, айту қажет емес. Түсінбей, біреуге еріп сену де, иман болады. Алла Тағаланың бар екенін түсінбеу, ойланбау күнә болады. Дінде білдірілгендердің біреуіне сенбеу барлығына сенбеу болып есептеледі.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі


31 Январь 2026
12 Шаабан 1447

