Жамбыл ауданының орталығы Аса ауылындағы аудандық "Бәйдібек" мешітінің бас имамы Даурен Құттыбаев мешітке жиналған жамағатқа "Дін мен дәстүр сабақтастығы" тақырыбында сұқбат өткізді.
Ислам құндылықтарымен біте қайнасқан қазақ халқының салт-дәстүрлері ұлтты ұйыстырып, халықты ынтымағымен баурап келеді. Өзара сабақтасып, үндесе білген дін мен дәстүр бүгінге дейін үлкен маңызға ие болды. Өйткені, кешегі ата-бабаларымыздың қалыптастырған салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының бастауы исламға тіреледі.
Тіпті, Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың сүннеті мен хадистері әдет-ғұрып ретінде қалыптасып, халқымыздың мәдениетінен ойып тұрып орын алды. қазақтың дәстүрінде ислам мәдениеті ерекше көрініс тапқан. Сол үшін де ұлт болып қалыптасып, елдігімізді онан әрі нығайтуда дінімізді берік ұстап, дәстүрімізді дәріптеуіміз керек.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі



31 Январь 2026
12 Шаабан 1447

