#Мойынқұм: “Бір айда - бір кітап” жобасы жалғасты

#Мойынқұм: “Бір айда - бір кітап” жобасы жалғасты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мойынқұм ауданына қарасты “Шопан ата” мешітінде “Бір айда – бір кітап” жобасы аясында “Жәннәтпен сүйіншіленген 10 сахаба” атты кітап талқыланды. Тағылымды шараға мешіт жамағаты қатысып, рухани білімін толықтырды.

Кітап талқылауы барысында ауданның бас имамы Ержан Көшкімбай жамағатқа кітаптың мазмұнын, сахабалардың өмір жолы мен ислам тарихындағы орны жайлы кеңінен түсіндіріп өтті. Сондай-ақ, сахабалардың өнегелі өмірі бүгінгі қоғам үшін маңызды үлгі екені атап өтілді.

Шара соңында қатысушылар көкейіндегі сұрақтарын қойып, рухани бағыттағы пайдалы ойларымен бөлісті.

Мойынқұм аудандық “Мойынқұм” мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: