#Шу: Ауданда Ислам және адал қоғам жылына орай уағыздар айтылды

#Шу: Ауданда Ислам және адал қоғам жылына орай уағыздар айтылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Елімізде жарияланған «Ислам және адал қоғам жылы» аясында Шу ауданындағы мешіттерде тағылымды уағыздар өткізілді. Жамағатқа арналған насихатта адалдық мұсылман болмысының айнасы екені кеңінен айтылып, адам мен қоғам өміріндегі оның орны ерекше екені сөз болды.

Уағыз барысында дін қызметкерлері Аллаға адал болу – иманның негізі, ал қоғамға адал қызмет ету – нағыз мұсылманның басты сипаты екенін атап өтті. Сонымен қатар, адал табыс табу, әділдік пен шынайылықты өмірлік ұстанымға айналдыру жайы көркем мысалдармен өрнектеліп, жамағат жүрегіне жол табарлықтай жеткізілді.

Шара соңында көпшілік имамдарға алғыстарын жеткізіп, намазда бір сап түзеді.

Шу аудандық “Жәми” мешітінде баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: