Мойынқұм аудандық “Мойынқұм” мешітінде аудан имамы Ержан Көшкімбайдың ұйымдастыруымен имамдар жиналысы өтті. Жиын барысында дін мен дәстүр тақырыбы кеңінен қозғалып, ұлттық құндылықтарды ислам дінімен сабақтастыра насихаттаудың маңызы сөз болды.
Кездесу барысында имамдар қоғамдағы рухани тәрбие, салт-дәстүрді сақтаудың мәні және жастарға дұрыс бағыт-бағдар беру мәселелері төңірегінде пікір алмасты. Сонымен қатар, діни қызмет барысында дәстүрлі ислам құндылықтарын насихаттаудың өзектілігі атап өтілді.
Жиын соңында алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар талқыланып, имамдарға нақты тапсырмалар берілді.
Мойынқұм аудандық “Мойынқұм” мешітінің баспасөз қызметі.



01 Февраль 2026
13 Шаабан 1447

