Қордай: Сирек кітаптар мен қолжазбалар қоры толығуда

Қордай: Сирек кітаптар мен қолжазбалар қоры толығуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның «Ислам ғылыми-зерттеу» институты жанынан ашылған «Сирек кітаптар және қолжазбалар қоры» құнды діни-рухани жәдігерлермен толығуын жалғастыруда. 2026 жылғы 12 қаңтар күні Институттың ғылыми қызметкері Ғалымбек Төлегенұлы Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Өтеген ауылына арнайы іссапармен барып, 1897–1985 жылдар аралығында өмір сүрген Сатайұлы Батқалғазының жеке қорында сақталған діни-рухани мұраларды қабылдап алды.

Батқалғазы атамыздың келіні Абильдаева Асия Қадырбекқызы мен немересі Сатаев Шыныбек Көрегенұлы тарапынан қорға ондаған тасбаспа кітаптар мен қолжазбалар табысталды. Сонымен қатар Қордай ауданының бірқатар мешіт қызметкерлері де аталған қорға елеулі үлес қосты. Атап айтқанда, Масаншы ауылындағы «Аль-Куддус» мешітінің молдасы Кутуров Бекер, «Имам Ағзам» мешітінің молдасы Хусар Дау Щиваевич, Сортөбе ауылындағы «Ханафий» мешітінің молдасы Удый Харби, сондай-ақ «Хамид бен Бадый» мешітінің имамы Паншаров Губар тарапынан бірқатар тасбаспа еңбектер мен қолжазбалар тапсырылды.

Аталған игі іске қолдау білдіргені үшін Қордай ауданы әкімінің орынбасары Дамира Маратқызына, Қордай аудандық «Қордай» мешітінің бас имамы Егізбаев Әлмұхаммедке және осы мешіттің ұстазы Атанбаев Нұрсұлтанға «Ислам ғылыми-зерттеу» институты атынан алғыс білдіріледі. Айта кету керек, сирек кітаптар мен қолжазбалар қорын толықтыру – еліміздің діни-рухани әрі ғылыми мұрасын сақтап, жүйелеп, болашақ ұрпаққа жеткізу жолындағы маңызды қадам.

Осы бағытта Ислам ғылыми-зерттеу институты аймақтардағы жеке қорларда, мешіттер мен медреселерде сақталған жазба жәдігерлерді анықтау, жинақтау және ғылыми айналымға енгізу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді. Алла тағала ізгі амалдарды қабыл етсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: