#Шу: “Жәми” мешітінде Құран жаттаған қыздарға марапат көрсетілді

#Шу: “Жәми” мешітінде Құран жаттаған қыздарға марапат көрсетілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданы “Жәми” мешітінің әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен мешітте Құран Кәрімнің 15 сүресін жаттаған кішкентай қыздарға арналған ынталандыру шарасы өтті.

Тағылымды жиын барысында Құран сүрелерін жаттауда үздік нәтиже көрсеткен жас шәкірттерге ынталандыру сыйлықтары мен ақшалай марапаттар табыс етілді. Бұл игі бастама балалардың діни білімге деген қызығушылығын арттырып, Құранға деген сүйіспеншілігін нығайтуға бағытталды.

Шара соңында ұйымдастырушылар жас өрендерге алғыс білдіріп, олардың алдағы уақытта да білім жолында табанды болуына тілектестік танытты. Мұндай тәрбиелік іс-шаралардың қоғам үшін маңызы зор екені атап өтілді.

Шу аудандық “Жәми” мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: