Шу ауданы “Жәми” мешітінде әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен Исра және Миғраж оқиғасына орай рухани кездесу ұйымдастырылды. Дастархан басына жиналған әйелдер қауымы қасиетті оқиғаның мағынасы мен мұсылман өміріндегі маңызы жайында уағыз айтылды.
Исра мен Миғраж оқиғасы және осы оқиға кезінде бес уақыт намаздың парыз болғандығы ғұламалардың бір ауыздан ижмасы бойынша мутауатир (ең қуатты) дәлелмен бекітілгені насихатталды.
Шара соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, жылы жүздесіп тарқасты.
Шу аудандық “Жәми” мешітінің баспасөз қызметі.



01 Февраль 2026
13 Шаабан 1447

