Қордай: Нәзік жандылар арасында аудандық төртінші семинар өтті

Қордай: Нәзік жандылар арасында аудандық төртінші семинар өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Қиямет күні пенденің амалдарынан ең әуелі сұралатыны – намаз. Егер намазы дұрыс болса, пенде қуанышқа бөленіп, игілікке қол жеткізеді. Ал егер намазы дұрыс болмаса, апатқа ұшырап, қайғыға түседі», – деген.

Осы өсиетке сай, аудан көлемінде Эльмира Аманқожақызының ұйымдастыруымен нәзік жандыларға арналған семинарлар жүйелі түрде өткізілуде. Аталған семинарға алты мешіттің ұстаздары мен жамағаты қатысты. Бұл жолғы семинардың тақырыбы – «Намаз. Намаздың түрлері».

Тақырып жан-жақты түсіндіріліп, мешіт шәкірттері мен жамағат тарапынан жоғары қызығушылыққа ие болды. Семинар қатысушылардың ризашылығымен өз мәресіне жетті. Алла Тағала баршамызды пайдалы отырыстар мен берекелі білім иелерінен етсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: