Мұхаммед пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ауызбіршілікте – Алланың мейірімі, ал бөлінуде – қаһары бар» – деп, ынтымақ пен бірліктің маңызын айқын көрсеткен. Осы орайда Қордай ауданының бас имамы Егізбаев Әлмұханбет Сортөбе ауылындағы «Мисбаһул Ислам» мешітінде құптан намазын жүргізді.
Намаздан кейін мешіт жамағатымен жүздесіп, олардың мұң-мұқтажы мен ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Кездесу барысында имамның жамағат алдындағы, жамағаттың имам алдындағы міндеттері сөз болып, қойылған сұрақтарға тұшымды жауаптар берілді. Алла Тағала баршамызға бірлесе отырып ислам дінінің жүгін көтеріп, қоғамға, адамзатқа пайдалы істер атқаруды нәсіп етсін!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



22 Январь 2026
3 Шаабан 1447

