Жыл басында ҚМДБ Төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы 2025 жылды «Ислам және отбасы құндылығы» жылы деп жариялаған болатын. Осыған орай, мүфтият бекіткен 4 бағыт негізіндегі жоспар бойынша Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы 2025 жылы атқарылған жұмыс барысын қорытындылады.
Мүфтият жоспары мен өкілдіктің және аудандық «Байзақ баба» мешітінің жылдық жоспарын қалтқысыз орындап, дін қызметінде белсенділік танытқан аймақ жетекшілерінің еңбегі елеусіз қалмады. Аймақ жетекшілерін ынталандыру мақсатында «Үздік аймақ – 2025», «Белсенді аймақ – 2025» және «Жігерлі аймақ – 2025» аталымдары бойынша марапатталды.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2025 жылы «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында 4 бағыт бойынша бекітілген іс-шараларды аса белсенділікпен ұйымдастыра білгені үшін:
1-орын «Үздік аймақ – 2025» - V аймақ (50 000тг) ;
2-орын «Белсенді аймақ – 2025» - II аймақ (40 000тг);
3-орын «Жігерлі аймақ – 2023» - IV аймақ (30 000тг) марапатталды.



22 Январь 2026
3 Шаабан 1447

