БАЙЗАҚ: ҚАСИЕТТІ АЙДА ҚҰРБАН ШАЛЫНДЫ

БАЙЗАҚ: ҚАСИЕТТІ АЙДА ҚҰРБАН ШАЛЫНДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Ережеп айының құрметіне Жамбыл облысы Байзақ ауданы Жетібай ауылы «Ақыл ата» мешітінде ел амандығы үшін дұға жасалып, құрбандық шалынды. Осылайша, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен, еліміздің түкпір-түкпірінде мешіттерде ізгілік істер жалғасуда.

Құрбандық еті әлеуметтік жағдайы төмен 3 отбасыға үлестірілді. «Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Алла Тағалам, Ережеп пен Шағбан айларын берекелі ете гөр! Біздерді Рамазанға аман-есен жеткіз!» деп, көп дұға жасаған екен. Ережеп және Шағбан айында Рамазанға дайындық жасаудың мәні өте зор. Өйткені, Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Шағбан айы кіргенде өздеріңізді тазалаңыздар және ниеттеріңізді дұрыстаңыздар» деп өсиет еткен екен. Алла ниетімізді қабыл еткей» дейді «Ақыл ата» мешітінің имамы Қадірбек Әбенұлы.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: