Шығанақ ауылындағы «Досекеұлы Абсат» мешітінде «Дін мен дәстүр» тақырыбында тағылымды уағыз айтылды. Рухани шараны мешіт имамы Рахымбай Түсіпов жүргізіп, жамағатқа ислам діні мен қазақ халқының салт-дәстүрінің өзара тығыз байланысы жөнінде кеңінен баяндады.
Қасиетті жұма күні өткен уағызында ата-бабадан келе жатқан ізгі дәстүрлердің дінмен үндес екенін, үлкенге құрмет, кішіге ізет, адалдық пен жауапкершілік сынды құндылықтардың ислам ілімінде де ерекше орын алатынын атап өтілді.
Жамағат имамға өз алғыстарын білдіріп, намазда бір сап түзді.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.


13 Март 2026
24 Рамадан 1447

