Ақкөл ауылы әкімшілігі мен Ақкөл мешітінің имамы Әмірұлы Сейіткамаладдиннің ұйымдастыруымен мешіт ауласына жаңа тал бағы бой көтерді. Аталмыш шара ауыл тұрғындарының табиғатты қорғауға деген жауапкершілігін арттыруға және экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған.
Жергілікті тұрғындар мен имамның белсенді қатысуымен өткізілген іс-шарада жас ағаштар отырғызылып, олардың өсуіне ерекше қамқорлық көрсету қажеттігі жөнінде айтылды.
"Ақкөл" мешітінің баспасөз қызметі.


17 Январь 2026
28 Раджаб 1447

