Қызыләуіт ауылы. Жаңабай сопы мешітінің имамы Төсбаев Әбдіқали ауылдық мәдениет үйі ұжымымен кездесу өткізіп, дін мен дәстүр сабақтастығының маңызы туралы сөз қозғады.
Имам қатысушыларға ұлттық дәстүрлер мен діни құндылықтардың бір-бірімен үйлесуі, қоғамдағы орны туралы ақпарат берді. Кездесу барысында қатысушылар өз сұрақтарын қойып, тәжірибелік кеңестер алды.
"Жаңабай сопы" мешітінің баспасөз қызметі.


17 Январь 2026
28 Раджаб 1447

