Аудандық Қаратау Қажы би Орталық мешітінде Әбдібай ата мешітінің имамы Асқарбек Серікұлы жамағатқа дәстүрлі емес діни ағымдардың ерекшеліктері мен қауіпті белгілері туралы түсіндіру жұмысын жүргізді.
Асқарбек имам қатысушыларға дәстүрлі ислам жолынан ауытқудың алдын алу, дұрыс діни білім алу және қауіпті ағымдардың ықпалына төтеп беру маңызды екенін айтты. Түсіндіру барысында нақты мысалдар келтіріліп, жамағатқа сауатты діни білімнің қажеттілігі ескертілді.
Аудандық Қаратау қажы би Орталық мешітінің баспасөз қызметі.


05 Март 2026
16 Рамадан 1447

