Меркі ауданы, Т.Рысқұлов ауылы «Жарас ата» мешітінің имамы Коктал Мадиярдың ұйытқы болуымен мешіт асханасында айлық дастархан жайылды.
Береклі жиын «Меркі ата» мешітінің наиб имамы Тілеуберді Үсеннің Құран оқуымен басталып және «Рақымбай ата» мешітінің имамы Токушбеков Серікханның бата беруімен жалғасын тапты. Ақ дастарханға аудан және ауылдық мешіт қызметкерлері мен жамағаттары қатысты.
«Беларық» мешітінің имамы Жанықұлов Нұрбек сөз бастап, шариғатты тілге тиек етіп, Пайғамбар хадистерінен өнегелі насихат айтты. Артынша «Жүніс молда» мешітінің ұстазы Есеналиев Еламан жиналған халыққа «Жақсы іске себеп болу, Алланы әрдайым зікір ету» турасында уағыз-насихат жүргізді.
Содан кейін осы іс-шараға арнайы келген қонағымыз, елімізге белгілі ғалым, ұстаз Асқар Әкімханов сөз сөйлеп, Қасиетті Құран аяттары және Пайғамбар хадисімен сусындатып, «Шыншылдық пен жомарттық» тақырыбында тағылымды насихат айтты.
Жиын барысында викториналық, діни – танымдық сұрақ – жауап ойыны ұйымдастырылып, қойылған сұрақтарға дұрыс жауап берген жандарға кітаптар сыйланды.
Игілікті шараның соңында еліміздің тыныштығы мен амандығы үшін дұға жасалды. Рухани отырысқа жиналған жамағат рақметтерін айтып, алғыстарын білдірді.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



18 Ноябрь 2025
27 Джумада-авваль 1447

