Тәтті ауылдық мешітінде жамағатқа арналған діни ағарту жұмыстары жалғасуда. Осы орайда мешіт имамы Көпбосынов Асхат «Намаздың ішкі парыздары» тақырыбында практикалық дәріс жүргізді.
Дәріс барысында имам құлшылықтың дұрыс болу шарттарына тоқталып, намаздың ішкі парыздары – тәкбір, қиям, қырағат, рукуғ, сәжде, соңғы отырыс мәселелерін түсіндіріп өтті. Әр амалдың шариғаттағы орны, оның мәні жайлы жамағатқа нақты мысалдар келтіре отырып баяндады.
Дәріс соңында жамағат өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, имам тарапынан жан-жақты жауап алды.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бапасөз қызметі



18 Январь 2026
29 Раджаб 1447

