Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінде ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) дүниеге келген айдың құрметіне орай Мәуліт мерекесі атап өтілді.
Игі шараға мешіт жамағаты мен ауыл тұрғындары қатысып, Пайғамбарымыздың өмірі мен өнегелі істері жайында насихат тыңдады. Мәуліт оқылып, дұғалар жасалды және жамағатқа рухани тәрбие мен бірлік туралы уағыздар айтылды.
Мешіт имамы бұл күннің мәні мен маңызына тоқталып, ел арасында мейірімділік пен ізгілікке шақырды.
Мойынқұм ауданы «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.



12 Ноябрь 2025
21 Джумада-авваль 1447

