Мойынқұм ауданына қарасты Қарабөгет ауылындағы «Қарабөгет» мешітінде сенбілік ұйымдастырылып, ауқымды тазалық шаралары өтті. Іс-шараға мешіт жамағаты белсене қатысып, мешіт аумағын ретке келтіруге атсалысты.
Тазалық барысында ауладағы қоқыстар жиналып, бұтақтар мен арам шөптер шабылды. Сондай-ақ, мешіт айналасы көркейтіліп, жамағатқа қолайлы жағдай жасауға бағытталған жұмыстар атқарылды.
Ауыл имамының айтуынша, мұндай шаралар рухани орталықтың таза әрі көрікті болуына, сондай-ақ жамағат арасында бірлік пен ынтымақты нығайтуға ықпал етеді.



06 Март 2026
17 Рамадан 1447

