Мойынқұм ауданына қарасты Бірлік ауылындағы «Бірлік» мешітінде жаңарту және абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Жөндеу барысында мешіттің сыртқы келбеті жаңарып, жаңа маңдайша атауы ілінді.
Ауыл тұрғындары мен жамағаттың қолдауымен жүзеге асқан бұл іс-шара мешіттің көркін арттырып, рухани орданың айшықты бейнесін қалыптастырды.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.



19 Январь 2026
30 Раджаб 1447

