Тараз: Жақсылық қылсаң, қайырын өзің көрер

Тараз: Жақсылық қылсаң, қайырын өзің көрер

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласындағы Шейх Зуннун мешітінде игі іс - шара ұйымдастырылып, әлеуметтік жағдайы төмен 10 отбасыға азық - түлік себеттері таратылды. Бұл қайырымдылық іс мешіт имамы Жетпісбаев Манаттың бастамасымен және жамағаттың қолдауымен жүзеге асты.

   Шараның басты мақсаты - мұқтаж жандарға көмек көрсету, қоғамда мейірім мен бауырмалдықты насихаттау және Алла разылығы үшін қайырымдылық жасаудың маңызын жеткізу.

   Имам Жетпісбаев Манат өз сөзінде әрбір мұсылманның міндеті - айналасындағы адамдарға қамқорлық танытып, ізгілік жолында қызмет ету екенін айтты:

   «Ислам діні - мейірім мен жанашырлықтың діні. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.)“ Кім мұсылман бауырының қиыншылығын жеңілдетсе, Алла оның қиыншылығын Қиямет күні жеңілдетеді” деген. Сондықтан қайырымдылық - тек көмек емес, ол иманның көрінісі, жүректің тазалығының белгісі », - деді имам.

   Азық - түлік себеттері мұқтаж отбасыларға тікелей жеткізіліп , әр отбасыға күнделікті тұрмысқа қажетті өнімдер ұсынылды. Көмек алған тұрғындар мешіт ұжымына және Жетпісбаев Манат имамға шынайы алғыстарын білдіріп, мұндай игі істердің жалғаса беруін тіледі.

   Шейх Зуннун мешітінде қайырымдылық шаралары дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Бұған дейін де мешіт ұжымы көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға, жетім - жесір жандарға қолдау көрсетіп, түрлі әлеуметтік жобаларды жүзеге асырып келеді.

   Мұндай шаралар жамағат арасында бірлік пен өзара сыйластықты нығайтып, қоғамда мейірімділік пен адамгершілік құндылықтарын арттыра түседі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: