Шу ауданының жамағатының демеушілігімен және “Төле би” мешітінің имамы Талғат Кәрібайұлының ұйымдастыруымен ерекше игі іс-шара өтті. Іс-шара аясында ауданның мүмкіндігі шектеулі балалар мен олардың отбасыларына қуаныш пен шаттық сыйланды.
Балаларға циркке билет сыйланып, олар қызықты қойылымдарды тамашалап, керемет көңіл күйге бөленді. Шара соңы “Liver” мейрамханасында жайылған дастарханмен жалғасты. Қонақтар үшін ыстық тағамдар мен түрлі тәттілер әзірленіп, балалардың сүйікті тағамы дайындалды.
Шараға қатысқан ата-аналар ұйымдастырушылар мен мешіт ұжымына жүрек жарды алғыстарын білдіріп, имам Талғат Кәрібайұлына ақ тілектерін жаудырды. Имам өз сөзінде ата-аналардың ұсынысы бойынша алдағы уақытта да осындай ойын-сауық және қайырымдылық бағытындағы іс-шараларды жиі өткізу жоспарланып отырғанын атап өтті.
Жалпы іс-шараға жұмсалған қаражат көлемі — 295 мың теңге. Бұл игі бастама аудан тұрғындарының мейірімділік пен бауырмалдыққа толы ниетінің айқын көрінісі болды.
Шу аудандық “Жәми” мешітінің баспасөз қызметі.



06 Ноябрь 2025
15 Джумада-авваль 1447

