Шу ауданының «Жәми» мешітінде әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен қайырымдылық жәрмеңкесі өтті.
Шараның мақсаты – мұқтаж жандарға көмек көрсету, ізгі амалға шақыру және мешіт жамағаты арасында бірлік пен мейірімділікті арттыру болды.
Қолдан әзірленген тағамдар мен балдай тәтті сусындардың иісі мешіт алдынан өткен жамағатты бейжай қалдырмады. Түскен қаражат қайырымдылық мақсаттарына бағытталды.
«Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.


07 Март 2026
18 Рамадан 1447

