Шу аудандық “Төле би” мешітінде қайырымдылық шарасы өтті. Ізгі бастама аясында мешіт ұжымы тұрмысы төмен бір отбасыға екі кілем тарту етті. Бұл — мешіт жамағатының мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, қоғамға мейірім мен қамқорлық дәнін себуге бағытталған игі қадамының бірі.
Жанұя көрсетілген қамқорлыққа ризашылықтарын білдіріп, мешіт ұжымына шынайы алғыстарын айтты. Өз кезегінде мешіт имамы осындай қайырымдылық шаралары алдағы уақытта да жалғасын табатынын жеткізді.
Шу аудандық “Жәми” мешітінің баспасөз қызметі.


19 Январь 2026
30 Раджаб 1447

