Жуалы: Аудан имамы тақуалық аясында жұма уағызын айтты

Жуалы: Аудан имамы тақуалық аясында жұма уағызын айтты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жуалы аудандық «Толымбай тегі Зиябек» мешітінде аудан бас имамы Тұрдыбайұлы Есет жамағатқа «АЛЛАНЫҢ ҚҰЗЫРЫНДА ЕҢ АРДАҚТЫ ІС – ТАҚУАЛЫҚ» тақырыбы бойынша тағылымды жұма уағыз-насихат айтты.

"Қадірлі жамағат!  Тақуалық – мұсылманның иманының өзегі, жүрегінің нұры. Тақуа адам Алладан қорқып, күнәдан сақтанады, әр ісінде Раббысының разылығын іздейді. Кімде-кім Алладан шынайы қорықса, Алла оның ісін жеңілдетіп, тығырықтан шығатын жол ашады, күтпеген жерден ризық нәсіп етеді. Нағыз абырой – мал-мүлікте емес, тақуалықта. Нағыз байлық – жүректегі тыныштық пен имандылықта. Алла Тағала баршамызды жүрегі таза, салиқалы, тақуа құлдарының қатарына қоссын!" - деп  Есет Тұрдыбайұлы  түйіндеп жеткізді.

Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: