Қордай: «Қордай ауылдық» мешітінде Алла елшісінің өмірбаяны насихатталды

Қордай: «Қордай ауылдық» мешітінде Алла елшісінің өмірбаяны насихатталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мұхаммед пайғамбар (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын) – адамгершілік пен биік ахлақтың ең көркем үлгісі. Ол – ең соңғы пайғамбар. Кім оның ізімен жүріп, сүннетін ұстанса, екі дүниеде де амандық пен Алланың кеңшілігіне бөленеді.

Ал кім Оның жолынан ауытқыса, адасушылардың қатарына кіреді. Осы мақсатта аудандық «Қордай» мешітінің наиб имамы, ұстаз Жанұзақ Рысбекұлы мешітке жиналған жамағатқа Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын) өмірбаянынан қысқаша шолу жасап, оның ғибратты өмірінен үлгі алуға шақырды.

Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын) өмірі – әрбір мұсылман үшін өнеге мен тағылымға толы. Сол өмірден әр адам өзіне қажетті сабақты таба алады. Алла Тағала баршамызға Пайғамбарымызды (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын) шынайы танып, сүюді және Оның жолымен жүруді нәсіп етсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: