Жұма намазы – дініміздегі сауапқа толы, ерекше мәнге ие әрі жамағатпен орындалатын апталық ғибадат. Қордай ауданының бас имамы Егізбаев Әлмұханбет дүнген ұлты шоғырланған Масаншы ауылындағы «Мұсылмандар» мешітінде жұма намазын өткізіп, жамағатқа Тәуелсіздік тақырыбында тағылымды насихат айтты.
Өз сөзінде бас имам былай деді: «Тәуелсіздік – мыңдаған жылдар бойы азаттықты аңсаған ата-бабаларымыздың ақиқатқа айналған арманы. Бұл – Қазақ елінің ғасырлар бойы жасаған жанқиярлық күресінің нәтижесі, аналарымыздың көз жасына лайық Алланың берген ұлы сыйы. Осы сыйдың қадір-қасиетіне жетіп, бағалап, оны ұрпаққа аманат ету – біздің міндетіміз.
Елімізге, жерімізге құрмет көрсету, әрбір жан мен жаратылыстың ақысын беру, оны сақтап қорғау – үлкен жауапкершілік», – деді. Имам сондай-ақ ел мен жердің қадірін білу, тыныштық пен бірлікті сақтау – мұсылмандық парыз екенін атап өтті. Алла Тағала елімізге тыныштық, халқымызға амандық пен есендік нәсіп етсін!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызмет



07 Ноябрь 2025
16 Джумада-авваль 1447

