Қордай: Масаншы ауылында ауыспалы жұма жобасы бойынша жұма намазы өтті

Қордай: Масаншы ауылында ауыспалы жұма жобасы бойынша жұма намазы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жиналу мен бас қосу – мұсылмандардың ауызбіршілігін, жұма күнінің мереке екенін және бауырмалдықты айқындайтын игі амалдардың бірі. Бұл күні мұсылмандар қуанышпен мешіттерге жиналып, үгіт-насихат тыңдап, жұма намазын бірге оқиды.

Аудандық «Ауыспалы жұма» жобасы аясында аудан имамдары Саламат Сәлімұлы мен Нұрсұлтан Сәтжанұлы дүнген ұлты шоғырланған  «Мұхаммад Аюб Биянху» мешіттерде жұма намазын өткізіп, жамағатқа тағылымды уағыздар айтты. Уағыз барысында Тәуелсіздік тақырыбы қозғалып, оның елімізге берілген үлкен нығмет екені, сондай-ақ егемендіктің пайдасы мен жемісі туралы ойлар ортаға салынды.

Бүгінде Қазақстан – шекарасы шегенделген, діні мен тілі айқындалған, мемлекеттік рәміздері мен ұлттық ұстанымдары бекітілген, әлем мойындаған тәуелсіз мемлекет. Өзінің төл мәдениеті мен ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрін дәріптеп, жаңғырта білген ел ретінде Қазақстан әлемдік сахнада өз орнын айқындап отыр.Алла Тағала баршамызға Отанын сүйетін, елінің дамуына үлес қосатын адал азамат болуды нәсіп етсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: