Бүгін Жуалы ауданында Республика күні мерекесіне орай Мемлекеттік Ту көтеру рәсімі өтті.
Салтанатты шарада аудан әкімі Жалғас Мұртаза тұрғындарды мерекемен құттықтап, Республика күні – ел егемендігі мен бірлігінің, мемлекетіміздің тұғырлы тәуелсіздігінің символы екенін тілге тиек етті.
Іс-шара барысында Мемлекеттік Әнұран шырқалып, көк байрақ биікке көтерілді. Бұл – халқымыздың рухын асқақтатып, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыра түскен маңызды сәт болды. Мерекелік іс шараға ауданның бас имамы Есет Тұрдыбайұлы қатысты.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.


07 Ноябрь 2025
16 Джумада-авваль 1447

