Бірде Алла Елшісінен (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын): «Алла Тағала қандай істі анағұрлым жақсы көреді?» – деп сұрадым. Ол: «Уақытылы оқылған намазды», – деді.
Мен тағы: «Одан кейін ше?» – деп сұрағанымда: «Ата-ананы құрметтеуді», – деді. Үшінші рет: «Одан кейін ше?» – дегенімде: «Алла жолындағы күресті», – деп жауап берді. Егер де мен одан әрі сұрай бергенімде, Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын) жауап бере беретін еді», – дейді хадисте.
Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Әлжан ана ауылының «Құдайберген» мешіті имамы Сәлімұлы Саламат ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесудің тақырыбы – «Ата-ана және бала». Онда ата-ана мен баланың орны, өзара қарым-қатынасы және тәрбиесі жайлы насихат айтылды. «Ұрпағымыз салихалы, қайратты әрі иманды болсын!» – деген тілекпен кездесу қорытындыланды.
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



05 Ноябрь 2025
14 Джумада-авваль 1447

