Аудандық "Бәйдібек" мешітінің наиб имамы Азамат Балхожаев Шайдана ауылы, "Сәтбай ата" мешітінде жамағатқа "Ислам - бейбітшілік діні" тақырыбында уағыз- насихат айтты.
"Ислам әрбір дін өкіліне құрметпен қарайды. Ешкімді дініне, ұлтына, нәсіліне және жынысына қарап бөлмейді. Адамға адами тұрғыдан баға беріп, Алла алдында ешкім ешкімнен жоғары емес, тек тақуалық пен діндарлықта ғана дәрежелері жоғары болады деген сеніммен әрекет етеді" деп сөзін түйіндеді имам.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі


05 Ноябрь 2025
14 Джумада-авваль 1447

