Гродиково ауылы "Арынғазы" мешітінің ұстазы Малик Унгарбаев ақшам дәрістерінде ақида сабақтарын да жүргізіп жүр. Дәріске жиналған жамағатқа "ақида- шариғаттың іргетасы" тақырыбында түсіндірме жұмысын жасады.
"Ақида – адамның сенім сұрақтары мен қоршаған дүние жөнінде қалыптасқан танымы, пікірі, діни ұстанымдар жиынтығы. Мұсылман ақидасының түп негізі – Құран мен Сүннет. Яғни, әрбір мұсылманның таным-түсінігі, ғұмырлық ұстаным-қағидалары осы қайнар-бұлақтардың негізінде қалыптасуы тиіс. Ақида мен иман бір-бірімен ажырамас ұғымдар" деп түсіндірді ұстаз.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі


20 Январь 2026
1 Шаабан 1447

