Меркі ауданы, Кеңес ауылы «Ар-Раззақ» мешітінің имамы Молдашев Нұрбол ауыл тұрғындарымен «Дін мен дәстүр сабақтастығы» тақырыбында кездесу өткізді.
Кездесуде Нұрбол имам дініміз бен ұлттық салт-дәстүріміздің өзара сабақтастығы, олардың қоғамдағы тәрбиелік мәні жөнінде кеңінен түсіндіріп, насихат айтты.
Жиын барысында ауыл тұрғындары да сұрақтар қойып, өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Кездесудің мақсаты – діни құндылықтар мен ұлттық болмысты ұштастырып, қоғамда рухани бірлікті нығайту.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



08 Ноябрь 2025
17 Джумада-авваль 1447

