Жуалы ауданы, аудандық «Толымбай тегі Зиябек» орталық мешітінің бас имамы Тұрдыбайұлы Есет жамағаттарға Дін мен дәстүр аясында насихат жүргізді.
Салт-дәстүрдің ел арасындағы тәлімдік, тәрбиелік, халықтық мәні зор. Халықтың атадан балаға көшіп, дамып отыратын тарихи-әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық, кәсіптік, салт-сана, мінез-құлық, тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекетінің көрінісі дәстүр арқылы танылады. Салт-дәстүр байлығы мәдениеттің байлығы. Мысалы, ата-ананы, үлкенді құрметтеу, байғазы, көрімдік, сүйінші, кәде сұрау, сәлем беру, ат тергеу, құрдастық қалжың, т.б. салт-дәстүрге жатады. Қазақ халқы салт-дәстүрге бай. Әдет, ғұрып, ишара, ырым, тыйым, дағды бәрі осы салт-дәстүр көрінісі- деп сабақтады бас имам.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.


08 Ноябрь 2025
17 Джумада-авваль 1447

